Ғылыми негіз
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен жасалған екі жақты келісімшарт негізінде дайындалды.
Мақсаты
М.О. Әуезовтің 50 томдық шығармалар жинағын негізге ала отырып, қазақтілді аудиторияға бағытталған интерактивті онлайн-платформа әзірлеу.
Негізгі міндеттер
- Институт ұсынған цифрлық материалдарды ғылыми-зерттеу мақсатында пайдалану
- Онлайн-платформаның құрылымы мен контентін әзірлеу
- Платформаны институт серверімен техникалық үйлестіру
- Авторлық құқық пен ғылыми талаптардың сақталуын қамтамасыз ету
Өзектілігі: Классикалық мұраны цифрлық форматта ұсыну қазіргі әдебиеттанудың маңызды бағыттарының бірі. Әуезов шығармаларын қолжетімді ету ұлттық мәдениеттің цифрлық кеңістікте таныла түсуіне ықпал етеді.